Тұздың пайдасы !!!
•Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді.
❄ Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.
❄ Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі.
❄ Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз.
❄ Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.
❄ Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.
❄ Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз:жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды)
❄ Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.
❄ Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.
❄ Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
❄ Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.